Дональд Трамп пен Владимир Путин алғаш рет кездесті

Екі ел басшыларының кездесуі жарты сағатқа созылды. Олар екіжақты қатынасты және Украина мен Сирия мәселелерін талқылады.

Гамбургте G20 саммиті өтіп, мемлекеттердің үлкен жиырмалығы коммюнике жариялаған болатын.

Бірлескен елдердің құжатына АҚШ «өзге елдерге кен отынына қол жеткізуге және соларды анағұрлым таза, тиімді жолмен пайдалануға көмектесу үшін ол елдермен тығыз жұмыс істейтіні, оларға қалпына келетін және басқа да таза қуат көздерін дамытуға жәрдемдесетіні» туралы бапты енгізуге ұсыныс білдірді.

Алайда, қалған 19 елдердің басшылары 2015 жылы қабылданған Париж келісімін өзгеріссіз қалдыруды құптайтындарын айтты.

Сондай-ақ, «Үлкен «жиырмалық» елдерінің басшылары жиында әлемдік қаржы жүйесінің ашықтығын қолдау бойынша барлық міндеттерді орындауға уәделесті.

«Қазіргі кезде күшті, тиімді және өкілдік жаһандық экономикалық және  қаржылық институттар аса қажат. Біз әділетті және заманауи салық жүйесімен жұмыс жасауға атсалысатын боламыз», — делінген коммюник мәтінінде.

Айта кетейік, «Жиырмалық тобына» Ресей, АҚШ, Еуропа одағы, Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Жапония, Мексика, Сауд Арабиясы, ОАР мен Оңтүстік Корея елдері кіреді.

ДереккөзNaryk.kz