Меморандум: Астана мен Санкт-Петербург жаңа келісімге қол қойды

Кездесу барысында екі тарап қалалар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті жайлы талқылады.

«ЭКСПО-2017 көрмесі жақсы әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз халықаралық деңгейдегі шараларды, экономикалық форумдар сынды маңызды шараларды көптеп өткіземіз, тәжірибе бар, сондықтан біз осындай баға берудеміз. Бұл күш-жігерді және еңбекті қажет етеді. Бұл жерде қауіпсіздік мәселесі өте маңызды, халықтың қарасы көп жерде қауіпсіздікке баса назар аудару қажет. Осыған байланысты «ақылды» әрі қауіпсіз қала байланысы тарапынан дамудың бар екенін айтуға болады, — деді Сергей Мовчан.

Шараның нәтижесінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукинмен және вице-губернатор Сергей Мовчан 2017-2020 жылдарға ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Осы меморандум аясында екі қала арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламалары бекітілді.

Екі ел қалаларының өзара өңірлік тәжірибелерімен алмасуы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, коммуналды шаруашылық, білім және денсаулық сақтау саласын дамытуда тағы бір бағыт болуы мүмкін.