Американдық интернет-порталда ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бейнефильм жарияланды

Аталмыш сайт ғаламтор рейтингісі бойынша 132, ал АҚШ-та 94-орында тұр.

Видеода автор көрме тақырыбының «Болашақ энергиясына» арналуының маңыздылығын атап өткен. Өз тұрғысынан елімізді «Қазақстанның мұнай мен газға бай ел болғанына қарамастан, жасыл энергетиканы насихатталы батылдық» деп бағалайды.

Ал Астанаға қатысты бейнефильмде қаланың тарихына тоқталған. Астананың негізгі сәулет-құрылыс жоспарын әлемге әйгілі сәулетшілер жапондық Кисё Курокава мен итальян Манфреди Николетти жасағанын айтады. Сондай-ақ, автор келешекте әлемдегі ең әсем қаланың бірі Астана болатынына кәміл сенетінін жеткізген.