Курс
©Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді курстарды кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында ұйымдастыру жүйесі енгізілуде. Бұл мақсатта 5 оқу орталығы іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.

Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!