Басты бетЖаңалықтарМұнайдың әлемдік...

Мұнайдың әлемдік бағалары төмендеуде

Түстен кейін Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 0,25 пайызға – бір баррель үшін 35,9 долларға дейін төмендеген.  WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 1,29 пайызға – бір баррель үшін 33,19 долларға түскен.

«2016 жылы мұнай бағасының өсуіне қытай юанінің әлсіреуі, әлемдік экономикалық өсімге сенбеушілік, сондай-ақ мұнай мен отын қорының мол резерві кері әсер етіп отыр», – деп мәлімдеді BMI Research сарапшылары. Мамандар биылғы жылдың екінші жартысында бағаның біртіндеп жоғарылауын күтіп отыр.

ДереккөзҚазАқпарат