Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында «BlogCamp Alakol summer school» өтті

Екі күнге жалғасқан шараға еліміздің медиа тұлғалары Айдос Сарым, Әлішер Елікбаев, Яков Федеров пен Өркен Кенжебек сынды азаматтар қатысушыларға мастер-класс өткізді. Көл жағалауында өткен бұл шарада көптеген қызықты ақпараттар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желі белсенділері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарды қолдай отырып, Қазақстанды жаңа кезеңге алып шығу жайын талқылады.

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры әрі «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы, еліміздің белгілі журналистері мен блогерлері бас қосты.

«Қазақстан Республикасының статистика комитетінің мәліметінше, 2008 жылы әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында небәрі 7,3 пайызды құраса, 2016 жылғы статистика 88,2% болғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының ғаламтор мүмкіндіктерін жақсы меңгергенін көрсетеді», — деп атап өтті Жақсылық Омар.

Электорондық БАҚ пен әлеуметтік желіні тиімді қолдана білуді үйрететін «BlogCamp Alakol summer school» шарасына жалпы саны 70-тен астам адам қатысты.