«Жедел іздестіру операциясы барысында ІІД қызметкері мен арнайы жасақ 4 адамды ұстады. Тұрғылықты мекені мен жұмыс орнынан қару мен есірткі заттары және әдебиеттер табылды. Бүгінде соталды тергеу жұмыстары басталып, сараптама белгіленді», — деп хабарлады Сәдубаев.
Еске сала кетейік, бүгін ірі бизнесменді ұстау үшін қалада күндізгі сағат 10-нан бастап сыра зауыты мен «Риксос Хадиша Шымкент» мейманханасы қоршауға алынған болатын.
Куәгерлер полицейлер мен қаруланған арнайы жасақ өкілдерін байқаған. Сонымен қатар, сол маңда Алматы және Тараз қаласының нөмірлері тағылған арнайы машиналар да жүрді.