31 шілде: жаңбыр жауады

Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Батыс аймақтарда ыстықтың беті қайтады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысында аптап ыстық болуы мүмкін.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматыда, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.