28 шілде: Кей аймақта жауын-шашын болады

Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты ыстық ауа температурасы сақталады. Күндіз – 33-39º, кей жерлерде 40-45ºС болуы мүмкін.

Ал республиканың солтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, сондықтан осы өңірлерде қоңыржай жылы ауа райы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Күндіз 28-29 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады.