Батыс Қазақстанда жол жөндеуге 15 млрд теңге бөлінді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің басшысы Ерлан Қажымов «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  100 шақырымнан астам күре жолда қайта жаңғырту жұмысы атқарылып жатқанын айтты. Жоспар бойынша, Орал — Тасқара күре жолындағы асфальт жамылғысының ені 9 метр, жалпы ені 15 метрге жеткізілмек.

Қазіргі сәтте жылдық жоспардың 30 пайызы орындалып үлгерген. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 300-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Оған қоса автожолдарды күтіп ұстауға 950 млн теңге қарастырылып, соның 483 млн теңгесі игерілді.

ДереккөзInform.kz