«Қауырт желі 114» діни мәселелерде көмек береді

«Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен іске қосылды. Жаңа жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби көмек көрсетеді.

Мамандар телефон арқылы және сайтта онлайн түрде дінге қатысты сауалдарға жауап беріп, діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Тұрғындарға кеңес қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

«Қауырт желі 114» сайтында діни саясат жайлы ақпараттар, мақалалар мен сұхбаттар бар.

«Қауырт желі 114» — Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама.

Соңғы үш айда «Қауырт желі 114» мамандарына азаматтардан 144 өтініш келіп түскен. Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан арыз-шағымдар көп түскен.

Қауырт желіде кеңес беру тегін әрі құпия түрде жүргізіледі. Қоңыраулар қалалық телефонынан «114» нөмерін теру арқылы қабылданады. Оған қосымша қоңыраулар мен хабарламалар WhatsApp нөмері арқылы: +7 777 0000 114, сондай-ақ, www.114.kz. сайтында онлайн түрде қабылданады.

ДереккөзBaq.kz