Еуразия Ұлттық Университеті ТМД-ның ең үздік жас жоғары оқу орны атанды

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігі жариялаған халықаралық рейтингте 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды.

«QS Top 50 Under 50 рейтингі жыл сайын жарияланады. Агенттік ашылғанына 50 жыл болмаған жас университеттерді іріктейді. Рейтингке академиялық деңгейі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ЖОО қызметкерлері мақалаларының дәйексөз ретінде келтірілуі, шетелдік оқытушылардың саны әсер етеді», – деп хабарлады агенттік.

Қазақстаннан тек ЕҰУ ғана аталған рейтингке іліккен. Агенттік жалпы саны 150 ЖОО-ның тізімін қараған. Олардың үштен бірі Азияда орналасқан. ЕҰУ былтырғы рейтинг бойынша 37-ші орынды иеленсе, биыл екі сатыға жоғарылап, ТМД елдері арасында көш бастады.

ДереккөзBaq.kz