Барлық аз қамтылған отбасылар атаулы көмекті жаңа форматта алатын болады

«Біз бұл туралы өте жиі айттық, адамдарға түсіндірдік. Ал бүгін атаулы көмекті тағайындаудың идеологиясы өзгергенін айтқым келеді. Енді оны барлық аз қамтылған отбасылар алатын болады»,- деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, егер аз қамтылған отбасыларда мүлдем табыс болмаса, отбасының мүшелері белгілі бір себептерге байланысты жұмыс істей алмаса, олар әлеуметтік көмек алады. Ал, отбасының мүшелері жұмыс істеуге қабілетті болса, олар екі әлеуметтік қолдауға ие болады: бірі — атаулы әлеуметтік көмек, екіншісі — мемлекеттің бюджетінен оқып, мамандық алуына көмек.

«Сондай-ақ, оларды басқа жақтарға көшіріп, жұмысқа орналастыруға да болады»,- деді министр.