Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өседі – Тамара Дүйсенова

«Бiз азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жаңа моделiн енгiздiк. Оның негiзiнде дәрiгерлердiң еңбекақысы орташа есеппен 18 пайызға, мұғалiмдердiң еңбекақысы 29 пайызға, ал әлеуметтiк саланың басқа қызметкерлерiнiң еңбекақысы 35 пайызға артады. Жалпы бiз еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орындамыз», — дедi Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, өңiрлерге аз қамтылған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферт түрiнде қосымша 7 млрд астам қаржы бөлiнiп, жұмсалды. Сонымен қатар, биылғы жылы әлеуметтiк саланы түбегейлi өзгерiстер күтiп тұр. Мәселен, елдiң еңбек нарығы толығымен жаңғыртылмақ.

ДереккөзBaq.kz