Бүгін кей аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай болады. Дауылды жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында ең жоғарғы ауа температурасы +33-+38ºС шамасында, кей жерлерде 42ºС-ке дейін жоғарылайды.
Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта ауа температурасы + 30- +38°С болады деп болжануда.
Қарағанды облысында күн ысып, ауа температурасы 42ºС дейін жетуі мүмкін.