24 шілде: Күн ыстық болады

Бүгін кей аймақтарда  өткінші жаңбыр, найзағай болады. Дауылды жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында ең жоғарғы ауа температурасы +33-+38ºС шамасында, кей жерлерде 42ºС-ке дейін жоғарылайды.

Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта ауа температурасы + 30- +38°С болады деп болжануда.

Қарағанды облысында күн ысып, ауа температурасы 42ºС дейін жетуі мүмкін.