Данияр Елеусінов Ұлттық құрамаға оралады

«Мен Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін боламын. Қазір демалыстамын. Алайда, Ұлттық құрамаға қайтып оралғанымды айтқым келеді. Жақын күндері спорттағы дайындығымды бастаймын», — деп атап өтті боксшы.

Данияр Елеусінов өнер көрсететін салмақ дәрежесі өзгеріссіз қалатынын да айтты.

«Бокста 69 келі салмақ дәрежесі  «қазақтың салмағы» атанып кеткен. Мен осы салмақта Рио-де -Жанейрода Олимпиада чемпионы атандым. 4-5 жыл осы салмақта өнер көрсеттім. Алдағы уақытта да осы салмақта қала беремін», — деді ол.

Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынан кейін австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа ауысқанын айта кетейік. Бірақ, олар уәдесінен тайып, кейін келісімнен бас тартқан болатын.

ДереккөзInform.kz