Данияр Елеусінов: «АҚШ-қа отбасымды алып кетемін»

— Әзірге нақты ештеңе белгісіз. Наурыз айының басы немесе ақпан айының соңы болу керек. Ағам Дәурен Елеусінов жəне әкеммен бірге жаттығатыным ғана белгілі, — деді боксшы.

— Сізді Дерек Сантос жаттықтырмақ. Ол туралы не ойлайсыз?

— Ол Олимпиада алдында  мені жаттықтырған. Деректің қалай жаттықтыратынын және жігіттермен қарым-қатынасының қандай екенін көрдім. Өте жақсы бапкер, тамаша адам. Онымен жұмыс істеу ыңғайлы.

— Үйден жырақ кететініңізді естігенде жақындарыңыз қалай қабылдады?

— Мен туыстарымның бәрін өзіммен алып кетемін. Қасымда болады.

— АҚШ-та тұру жоспарда бар ма?

— Мен ол жерде жаттығамын. Әрине, жекпе-жектерден кейін Қазақстанға келіп тұрамын. Бірақ, көбіне сол жақта боламын.

Айта кетейік, 25 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 келі салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады.

Даниярдың жаттығу лагері Флоридада. Оны америкалық мамандар да жаттықтырмақ.

Дереккөзprosports.kz