Ауа райы: алдағы үш күн жаңбырлы болады

Алдағы үш күнде еліміздің шығыс аймақтарында құбылмалы ауа-райы сақталады.

«Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде екпінді желдің күші 15-20 м/с болып, күндізгі уақыттарда бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы шамамен 20-27°С, қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде. Республиканың  батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы нормаға жуық, кей жерлерде сәл жоғары болады деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда да жаңбыр болады», делінген орталықтың хабарламасында.