29 шілде күні Халықаралық ақындар айтысы өтеді

Айтысқа Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып Сезімхан, Төлеген Жамановтармен бірге Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысады.

Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында өтетін «Туған жерге туыңды тік» айтысы аясында Тастекеевтер әулетінің демеушілігімен Екпін ауылында жаңадан салынған футбол алаңы мен 2 шақырымдық асфальт жол пайдалануға берілмек.

ДереккөзInform.kz