Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалады?

2017 жылы Қазақстанда Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне бір-бір күннен демалыс беріледі.

Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30 тамыз, сәрсенбі күні демалады.

Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 1 қыркүек қасиетті жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан, жұма, сенбі және жексенбі күндері демалыс беріледі.

Аталған мерекелерге орай қазақстандықтар бас-аяғы төрт күн демалыс алатын болады.