Елордада демалыс күндері жауын-шашын болады

14 шілде күні елордада ауа райы құбылмалы болады.

Бүгін Астанада найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 м\с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +9+11°С, күндіз +19+21°С шамасында болады.

15 шілде күні жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс пен батыстан секундына 9-14 м\с жел соғады. Термометр көрсеткіші түнде +9+11 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз +21+23 градус болады.

Ауа райы 16 шілде күні де құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан 9-14 м/с жел еседі. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +22+24 градус жылы болады.