Басты бет / Жаңалықтар /
Пайдалы шөптер
©dietoflife.com

Денедегі ісіктен арылтатын азық-түліктер

Ісік ағзада артық мөлшерде  су жиналғанда пайда болады. Ауру — астан. Ісік пайда болмас үшін дұрыс тамақтанған абзал. Мына азық-түліктер денедегі ісіктерден құтылуға көмектеседі.

Ақуыз

Ақуыз
©parazitovnetu.ru

Құрамында ақуыз бар тағамдар ісіктің бетін қайтаруға көмектеседі. Сондықтан, ас мәзіріне тауық еті, балық, теңіз тағамдары мен жұмыртқаны қосқан жөн. Майлылығы 2-5 пайыз болатын тағамдар да ісік кезінде артық етпейді.

С дәрумені

Итмұрын қайнатпасы, цитрусты жемістер, лимон мен алма, қырыққабат пен тұздалған қиярдың құрамында қажетті дәрумен кездеседі.

D дәрумені

D дәрумені балықта, ірімшікте, жұмыртқа мен бауырда көп. Сондықтан, мамандар тағамның осы түрлерін пайдалануға кеңес береді. Алайда, азық-түліктердің бұл түрлерін мөлшермен қолданыңыз. Күніне 1-2 жұмыртқа, 160 грамм балық өнімдері және ірімшіктің 50 граммы жеткілікті.

Тұз

Қайнатылған тұздың зияны туралы жиі естиміз. Алайда, ағзадағы тұздың тапшылығы да денедегі ісіктердің пайда болуына себепші болады. Тұздың құрамында болатын натрий мен калий микроэлементтері жетіспеуі де ісік туғызады.

Шөптер

Пайдалы шөптер
©dietoflife.com

Көк пияз, түймедақ қайнатпасы, ақжелкен мен аскөк — ісіктен құтылуға көмектесетін бірден-бір көмекші. Табиғи шөптердің қайнатпасын ішу де, ісікке басу да өте пайдалы.

Су

Ісік артық судың әсерінен пайда болады деген тұжырымды дұрыс түсіну керек. Ол күнделікті ішетін судың кесірінен емес, тері қабатындағы судан пайда болады. Сондықтан, ісік кезінде судан бас тартудың қажеті жоқ. Кез келген адам 1 кг салмақ үшін 40 мл су тұтынуы керек.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok

Мақалаға пікір қосыңыз

5 Пікір

  1. Ж
    Жібек 4 жыл бұрын
    Сәлеметсіз бе? Көп жылдар диетадамын майлы, тұзды, ащы тамақтар жемеймін, бірақ қатты ісіп жүрмін. Эутирокс 75 ішемін, 10-жылдай. Содан болуы мүмкін бе?
  2. А
    Аноним 2 жыл бұрын
    Сенде зоб
  3. А
    Аноним 1 жыл бұрын
    Сәлеметсіз бе анамда сахр давленя жүрегі ауырады қазір іші ісіп тұр не істеуге болады
  4. Ұ
    Ұлбала 1 жыл бұрын
    Менде ішім қатты үлкен болып тұрады тырсыйып азанда қатты ісініп тұрамын
  5. М
    Мәдина 10 ай бұрын
    Ісікті қалай кетіруге болады?