Астанада жаяу жүргіншілерге кең жол салынады — Әсет Исекешев

«Бүгін қаланы аралап, жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаны тексердім. «Құлагер» тұрғын үй кешенінің 2 және 4-ші үйлері маңындағы жолға дейінгі алаң толығымен асфальтталып, автотұраққа айналады. Аулаға шлагбаум орнатып, көліктерді кіргізуге тыйым салу үшін пәтер иелерінің кооперативі арқылы тұрғындармен келіссөздер жүргізудеміз. Аулаларға балаларға арналған ойын және спорттық алаңдар орнатып, кішігірім саябақ жасаймыз», — дейді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ қала басшысы жаңа өтпе жолдарды, жау жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдарды кеңейтпек.

«Тағы бір мәселе — орам ішіндегі өтпе жолдар. Биыл Есіл ауданында осындай 18 жол саламыз. Бүгін «Инфинити» ТК үйлері маңындағы жұмыс барысын тексеріп келдім. Бұл жұмыстар мамыр айында аяқталып, барлық өтпе жолдар асфальтталады. Сондай-ақ, Сығанақ көшесінен ЭКСПО-ға дейінгі Қабанбай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да — маңызды жобалардың бірі. Жаяужол ені 4,5 метрді құрайды, оның 3 метрі — жаяу жүргіншілерге, ал 1,5 метрі велосипедшілерге арналған», — деді әкім.

ДереккөзInform.kz