Олар бейнебаянды бірігіп жазған «Сағындым» толғауына таспалайды.
Медеу Арынбаев бұл әнді дуэт болып айтуға Мейрамбек Беспаевтың өзі ұсыныс жасағанын айтып берді.
«Өмір деген өтіп жатыр. Мейрамбек осыны маған әдемілеп, астармен жеткізді. «Өзіңізбен дуэт айтсам қалай болады?» деп ұсыныс жасады. Мен де келісе кеттім. Бірақ, мен ол туралы ұмытып кеттіппін. Кейін біраз уақыттан соң тағы бір кездескенімізде Мейрамбек бұл туралы есіме салды. Сөйтіп, үйге келіп дуэтке ыңғайлы ән іздедім. Нәтижесінде, «Сағындым» толғауын таптым. Сөзі де, әні де Мейрамбекке ұнады», — дейді әнші.
Айта кетейік, мамыр айында жарыққа шыққан қос әншінің орындауындағы «Сағындым» толғауы көпшілікке ұнаған болатын.