2017 жылғы Конфедерация Кубогындағы ең үздік гол анықталды

Мексика құрамасының футболшысы Марк Фабиан ойынның 89-шы минутында немістердің қақпасына гол соқты. Бұл гол турнирдегі ең үздік деп танылғанымен, ойын нәтижесін өзгерте алмады. 4:1 есебімен Германия құрамасы жеңіске жетті.

Үздік бес доптың ішінде мексикалық Рауль Хименестің, португалиялық Андре Силваның, германиялық Керем Демирбайдың және Камерун құрамасынан Андре Франк Замбо-Ангиссаның соққан голдары бар.

Айта кетейік, Германия құрамасы финалдық кездесуде Чилиді 1:0 есебімен жеңіп, Конфедерация Кубогын жеңіп алды.

ДереккөзRia.ru