Басты бет / Жаңалықтар /
Конфедерация кубогы Германия

Германия құрамасы Конфедерация кубогын жеңіп алды

Ойындағы жалғыз голдың авторы — Ларс Штиндль. Бұл есеп ойынның 20-минутында ашылды.

Конфедерация кубогының финалдық кездесуі Санкт-Петербург қаласының «Крестовский» стадионында өтті.

Қазіргі таңда Германия құрамасы — футболдан әлем чемпионы.

Айта кетейік, футболдан Конфедерация кубогы ойындары Ресейдің Мәскеу, Қазан және Сочи қалаларында өтті. Ойын 17 маусым мен 2 шілде аралығында болды.

Футболдан Әлем чемпионаты алдағы 2018 жылы Ресейдің 11 қаласында ұйымдастырылады. Чемпионат 14 маусым мен 15 шілде күндері өткізілмек.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз