Өзбекстан визасыз «ашық елге» айналады — Шавкат Мирзияев

Өзбекстанда қаңтар айында Президент жарлығының жаңа жобасы жарияланған болатын. Жарлықта шетелге шығатын азаматтар үшін виза жасату міндетін алып тастау туралы айтылған.

Кеңес Одағынан қалған ескі жүйе ел азаматтарының сапарға шығуына кедергі келтіріп отыр деп есептейді Өзбекстан үкіметі.

Көрші елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанды әлемге ашық ел жасағысы келетінін, сол үшін елде визасыз режим орнатпақ екенін айтқан болатын. Ол билікке өткен жылы Ислам Кәрімов қайтыс болған соң келген еді.

ДереккөзCentralasian.org