Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев болды

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл жалпы халықтың 88 пайызын құрайды.

Сайлау нәтижесі бойынша, либеральдық-демократиялық партиясы атынан түскен президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев 88,61 дауыспен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мирзияевпен бірге сайлауға Халық -демократиялық партиясынан Хатамжон Кетмонов, социал-демократтардан Нариман Омаров және демократиялық партиядан парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов қатысқан еді.

Айта кетейік, сайлау нәтижелері жарияланбай тұрып Шавкат Мирзияевтің штабында жеңісті атап өтуге дайындық басталып кеткені туралы ақпарат тараған еді.