Ислам Кәрімовтің Өзбекстанға жасаған 5 жақсылығы

Журналист Амангелді Ақынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы ойымен бөліскен екен. Әрі қарапайым, әрі оқылымды дүние болғасын көз ілмей өте алмадық.

Мен тек Ислам Кәрімовтің еліне жасаған жақсылықтарының бір парасын тізіп шығамын. Себебі, өлген кісінің жаман ісін айтпайды дейді.

1. Елдің сыртқы қарызы жоқ екен (тым аз, жоқтың қасы).

2. Елдің ішіне сырттан түрлі діни ағымдардың бірде-біреуін кіргізбеген. Идеологиясы мықты.

3. 1991 жылы халқы 19 миллион болса, соны 31 миллионға жеткізген (33-35 млн. бар дейді).

4. Елінің тілін, дінін, дәстүрін жақсы сақтап қалған (елінде өзге ұлт өкілдері, оның ішінде орыстардың өзі өзбекше сөйлейді.) Міне мықтылық! Идеологиясы мықты және патриоттығы жоғары.

5. Елінде көлік те, ұшақ та шығарылады. Яғни, «бізде бәрі шығарылады» деген жалған ұран мен «көзбояушылық» жоқ.

Мықты басшы келсе, Өзбекстан елі тез дамып кетеді.