Қазақстан мен Таиланд визасыз режимге көшті

21 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

ДереккөзEgemen.kz