Көкжидек: пайдасы мен зияны

Ел арасында көкжидекті «маскүнем» деп атап кеткен. Алайда, оның құрамында алкогольге ұқсас химиялық зат мүлде кездеспейді. Бұлай аталу себебі: көкжидек бұтасы үнемі қазанақ деген бұтамен қатар өседі. Ал қазанақ гүлдеген кезде адамның басын мең-зең ететін химиялық зат бөліп шығарады. Соның кесірінен көкжидектің жемісі зиян  саналып келген және тұрмыста жиі қолданылмаған.

Пайдасы:

Көкжидектің құрамында дәрумендер, белок, май, көмірсулар, минералдық тұздар, органикалық қышқылдар мен хош иісті заттар бар.  Оның жемісі дәмді, шырынды әрі денсаулыққа пайдалы. Бұл жидектің құрамында созылмалы қабыну салдарын жоюға көмектесетін табиғи аспирин бар. Көкжидек зәр шығару жолдарының бактерияларын жойып, антибиотик ретінде әрекет етеді.

Көкжидек С және К дәрумендеріне бай. Бұл зат алмасу процесін жақсартуға, суық тигенге қарсы таптырмас дәрумен. Сонымен қатар, көкжидек кальцийдің ағзаға жақсы сіңуіне, сүйектердің қатаюына көмектеседі. Бұдан бөлек, құрамында А провитамині, В1, В2, Р және РР дәрумендері кездеседі.

Көкжидектің құрамында фосфор мен кальцийдің минералды тұздары, табиғи лимон қышқылы, алма қышқылы және бензой қышқылы, алты түрлі аминқышқылдары кездеседі.

Зияны:

Егер көкжидекті көп мөлшерде қолдансаңыз, аталған пайдасы жойылып, ағзаға зиян болуы мүмкін. Көкжидекті мөлшерден тыс көп қолдану бас ауруын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін.

Ағзада антиоксиданттардың көбеюі оттегінің бұлшық еттерге зиян келтіруін қалыптастырады.

Көкжидектің калориясы жоғары емес, 100 граммына 61 ккал.