Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайына есімін беруге қарсы

Президент ресейлік «Россия-24» телеарнасының тілшісіне Астана әуежайы атауының «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл менің бастамам емес. Мен үнемі бұған қарсымын. Мұндай үнемі болып жатады. Мүмкін, халық маған баға беріп жатқан шығар, олардың атқарылған жұмысты көріп отырғандары үшін алғыс айтамын. Дегенмен кез келген саясаткер, кез келген көшбасшы тарихта өзінің атқарған ісімен есте қалуға тырысуы тиіс», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресейлік телеарнадағы Роберт Францевтің «Казахстан смотрит в будущее» атты арнайы репортажы Астана күніне орай жарияланып отыр.

ДереккөзBaq.kz