Астана күніне орай Алматыда жаңа жолайрық ашылды

Жолайрық Дорожник, Шаңырақ, Өжет ықшам аудандарындағы көлік тығыздығын 20%-ға қысқартады.

«Бүгінгі күні қалада кешенді көлік реформасы жүруде. Кіші көлік айналымының өткізу қабілетін арттыру үшін үш жолайрығы салынуда, ал қаланың орталық көшелерінде жаяу жүргіншіге басымдылық берілуде. Жеңіл және үлкен рельсті көлік енгізу жобалары,қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар жасалуда, жаңа бағыттар ашылуда, жылжымалы состав жаңаруда, велобекеттер орнатылуда, жасыл желек көлемі ұлғаюда.Осының барлығы қала экологиясын жақсартып, өмір сүру үшін барынша жайлы ете түсуде», — деді Бауыржан Байбек.

Ол жаңа жолайрықтың айналасын көріктендіру жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь,Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңына тастар төселеді, жасыл желек отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаңдары пайда болады, веложолдар абаттандырылады, нысандар текшелері жарықтандырылады.

Дереккөзwww.almaty.gov.kz