Болашақ миллионерлерге қажет үш тіл

Қазіргі таңда ағылшын тілі халықаралық аренада бағасы жетпейтін құндылық. Алайда, ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда келешекте мына үш тілдің маңызы зор болмақ. Олар: француз тілі, неміс тілі және қытай тілі. Осы тілдерді меңгерген адамдар болашақта жақсы мансапқа қол жеткізбек. Аталған үш тілді меңгерген адамдарға болашақта жұмысқа орналасу, мәдениет пен әдебиет, экономика саласында жол ашылады.

Жаһандану заманындағы технологиялардың дамуы, рухани құндылықтардың құлдырамауы, әлем көз тіккен тенденциялардың дамуы Франция, Германия және Қытайда жақсы қарқынмен дамуына байланысты осы елдердің тілі мен мәдениетін меңгеру үлкен мәнге ие болып отыр.

Ғалымдардан тағы бір нақты дәлел – жетістікке жету үшін тек қана тілді меңгеру маңызды емес, адамдармен тіл табыса білу керек.

Ал сіз мансапқа қол жеткізу үшін қай тілдерді меңгерген дұрыс деп ойлайсыз?