Ағылшын тілінде оқу және жазуды үйренуге кітап оқыған көп көмегін тигізеді. Ал, ағылшынша сөйлеу мен естіп, түсіну үшін аудио-подкаст тыңдаған тиімді.

Effortless English Podcast

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: америкалық
  • Жаңартылу уақыты: әртүрлі
Effortless English Podcast ағылшын тілін үйрену
effortlessenglishclub.com сайты

Effortless English («Ағылшынша еш қиындықсыз») оқыту әдістемесінің авторы Хорджтың (A. J. Hoge) айтуынша, тіл үйренудің ең тиімді тәсілі — ережелерді кітаптан оқып, сөздері жаттау ғана емес, оған басыңмен берілу. Оның барлық сабақтары осы әдістемеге негізделген.

Сайтта ақылы түрде ағылшын тілінің курстарын оқуға болады. Ал, видеолардан тіл үйренуге қажетті кеңестерді тыңдайсыз.

The English We Speak

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: британдық.
  • Жаңартылуы: аптасына бір шығарылым
The English We Speak ағылшын тілін үйрену
The-english-we-speak сайты

Бұл сайттың жүргізушілері ағылшын тіліндегі «сленг» сөздерді талқылап, мағынасын түсіндіреді. Clickbait деген не? To Have an Axe to Grind фразасы қай кезде қолданылады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын The English We Speak сайтынан таба аласыз.

Аудио-шығарылымдар өте қысқа. Ұзақтығы бар-жоғы 2-3 минут.

6 Minute English

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: британдық.
  • Жаңартылуы: аптасына бір рет
6 Minute English ағылшын тілін үйрену
6 Minute English сайты

6 Minute English. Атауында тұрғанындай әрбір диалогтың ұзақтығы — 6 минут. Тақырыптары әр алуан.

Learn English with BBCRussian

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: британдық.
  • Жаңартылуы: аптасына бір рет
Learn English with BBCRussian ағылшын тілін үйрену
Learn English with BBCRussian сайты

BBC-дің орысша нұсқасында ағылшын тілін үйренуге арналған подкасттар бар. Бір ерекшелігі — диктор ағылшын тілінде айтылған сөздерді орысша аударып отырады. Ұзақтығы әртүрлі.

English as a Second Language

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: америкалық.
  • Жаңартылуы: әртүрлі
English as a Second Language ағылшын тілін үйрену
eslpod.com сайты

Ағылшын тіліндегі танымал подкасттардың бірі. Бұл жерде кәсіби лингвист доктор Джефф МакКилланның (Dr. Jeff McQuillan) сабақтары жинақталған. Барлық аудиолар екі айдарда жарияланады: тарих және ағылшын тілінде сөйлесу немесе ағылшын мәдениетінің сабақтары.

Кейбір эпизодтарды iTunes пен RSS-те тегін тыңдауға болады. Қалғандарын ресми сайттан сатып аласыз.

Business English Pod

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Жаңартылуы: аптасына бір шығарылым
Business English Pod ағылшын тілін үйрену
businessenglishpod.com сайты

Business English Pod ресми ортада сөйлеуді үйретеді. Онда бизнеске қатысты барлық жағдайлар ескерілген. Оның ішінде: презентация, ресми келіссөздер, жиналыстар мен әңгімелесулер және т.б.

Әрбір аудио кіріспе бөлім мен диалогтардан тұрады. Егер қосымша көмекші материалдар қажет болса,сатып аласыз.

Luke’s English Podcast

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: британдық.
  • Жаңартылуы: аптасына үш рет
Luke’s English Podcast ағылшын тілін үйрену
teacherluke.co.uk сайты

Luke’s English Podcast грамматика, лексика және ағылшын мәдениеті туралы монологтар мен тіл үйренуге қатысты кеңестерден тұрады.

Оны британдық Люк Томпсон (Luke Thompson) деген ағылшын тілінің мұғалімі жүргізеді. Тыңдап отырғанда жалықпайсыз, себебі жүргізуші сөз арасында тақырыпқа қатысты түрлі әзілдер айтып отырады. Томпсонның аудиосын осы күнге дейін 16 миллион адам жүктеген.

Daily English Easy Expression Podcast

  • Жазылу: сайт, RSS, iTunes.
  • Ағылшын тілі: америкалық.
  • Жаңартылуы: әртүрлі.
Daily English Easy Expression Podcast ағылшын тілін үйрену
letsmasterenglish.com/tv сайты

Бұл сайтты Шейн (Shane) есімді ағылшын тілінің ұстазы жүргізеді. Ол ауызекі тілдесуде қолданылатын сөздердің мағынасын, олардың қай кезде қолданылатынын түсіндіреді. Әр шығарылым — жаңа фразалар мен жүргізушінің әзілдеріне толы.

Ал сіз қандай сайттарды қолданасыз? Пікірде бөлісіңіз!

Дереккөзlifehacker.ru