4 шілде күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда бұршақ жауып, солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн ыстық болады.
Ақмола, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында күндіз жел тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Желдің екпіні 25 м/с-ке дейін барады.
Павлодар облысында жел күшейіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Ақтөбе облысында жел соғады. Ал Қызылорда облысының кейбір аудандарында шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Кызылорда, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады деп болжануда. Маңғыстау облысында да күн ыстық.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жауын жауады, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С.