Моноқалаларды дамытуға арналған қаражат бес есеге өсті

Биыл моноқалалар мен шағын қалаларды дамытуға бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге төмен.

Алайда, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша келесі жылы «үшінші деңгейдегі» қалаларды қаржыландыру 5 есеге ұлғайып, 37,8 млрд теңгеге жетеді. Ал 2019 жылы бұл қаражат көлемі 55,4 млрд теңгеге дейін жетпек.

2017 жылы дамыту бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары 7 өңірде ғана жүргізілуде. Олар: Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Павлодар, Қостанай және Алматы облыстары. 9 моноқалада 14 жоба іске асырылатын болады.

Ең көп қаражат Қарағанды облысына бағытталады. Бұл аймақтағы шағын қалаларды дамытуға 3,3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі — Шахан кентінде қазандық пен жылу жүйелерін салуға, 1,2 млрд теңгесі Пришахтинскіде жылу магистралін қайта жаңартуға бағытталды.

Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Бұл аймаққа бөлінген бюджет — 1,5 млрд теңге.

Үшінші орында Жамбыл облысы — 1 млрд теңге.

Атап өтейік, 2018 жылы бюджеттік бағдарламамен «үшінші деңгейдегі» барлық қала (27 моноқала, 41 шағын қала) қамтылатын болады.

ДереккөзFinprom.kz