Басты бет / Жаңалықтар /
Қозы Көрпеш Баян Сұлу фильмі

Баян Есентаева ғашықтық жырын фильмге айналдырмақ

«Esentai production» продюсерлік орталығы XIII-XIV ғасырлардағы «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» қазақ ұлттық поэмасының желісі бойынша фильм түсіретін болды. Картина «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріледі.

Поэманың ең алғашқы жазбасы XIX ғасырда табылған. Хикаяның 20-ға жуық нұсқасы бар. Пьесаны алғаш рет Ғабит Мүсірепов 1954 жылы «Махаббат дастаны» деген атпен жариялады. 1992 жылы экранға Асанәлі Әшімов түсірген «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» картинасы шықты.

Жаңа фильмнің шығармашылық және түсірілім тобы әзірге белгісіз. Баян Мақсатқызы мұндай жобамен алғаш рет айналысып жатқанын айтты.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз