ЭКСПО көрмесін «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді

Хост-бродкастер барлық 93 күн бойы Көрме аумағынан телевидение және радио арқылы хабар тарататын болады. Барынша көп аудиторияны тарту мақсатында «Қазақстан» телеарнасы Көрменің алғашқы күнінен бастап, халықаралық шара өз жұмысын аяқтағанша тікелей эфирде трансляция жүргізеді.

Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша Көрменің Медиа Орталығына, «Қазмедиа Орталығы» мен шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.

Күн сайын Халықаралық көрме аумағында 10 және 5 камерасы бар 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейді. Жалпы, Экспо-2017 көрмесін ақпараттық сүйемелдеуге «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.

Айта кетерлігі, Live-режимде шараның ашылу салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды. «Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік — тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алатын болады. «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында 2017 жылғы 2 мамырда тиісті келісімшартқа қол қойылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Оқу-ағарту министрлігі оқулықты ерте өткізу фактілерін тексереді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықты 31 мамырға дейін тапсыру туралы шағымдарға жауап берді.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Алматыда бірнеше көше үш айға жабылады

Алматыда бірқатар көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін үш айға жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Алматыдан 413 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні сағат 14:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін бағалады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам – "тұрақты".Агенттіктің мәліметінше, активтердің едәуір активтері бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.