23 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел екпіні 23-28 м/с-ге дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да бұршақ жауып, жел күші 15-22 м/с-ге дейін жетеді.

Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Солтүстік облыстарда тұман күтіледі. Ал күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Қызылорда облыстарында өрт қаупін тудыратын ыстық болады.

Астана қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы қаласында ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады.