Түнде Астанадағы құрылыс жұмыстары тоқтайды

Қала басшысы Әсет Исекешев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі құрылыс жұмыстарының тоқталатындығы жайлы мәлімдеді.

«көлік қозғалысын жақсарту бойынша қабылданған шаралардың бірі — жүк көліктерінің қозғалысына сағат 06.00-ден бастап 23.00-ге дейін тыйым салу туралы шешім болатын. Бұл ретте, бірқатар құрылыс компаниялары түнде белсенді жұмыс істеп, жақында орналасқан үйлердің тұрғындарына ыңғайсыздықтар туғызды. Сол себепті, ЭКСПО-мен байланысты негізгі іс-шаралардың легі өткенін ескере отырып, бүгін әкімдік үздіксіз технологиялық процестерді қажет ететін, бетон мен асфальтты-бетонды қоспаны тасымалдайтын жүк көліктерінің сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сондай-ақ 15.00-ден 17.00-ге дейін белгілі бір көшелермен жүруіне рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Онымен бір мезгілде, тыныштықты бұзатын түнгі құрылыс жұмыстарына тыйым салуды тапсырдым. Егер бұл талапты орындамаған жағдайда полицияға немесе 109 қызметіне хабарласуды сұраймын», — деп жазды әкім.

ДереккөзBaq.kz