Доллар жоғары шекте қымбаттады

Таңғы сауданың бірінші келісімі 327,06 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны — 327,48 теңге.

Сауданың жалпы көлемі 115,300 миллион долларға жетті.

Кеше, 21 маусымда доллар бағамы 326,28 теңге болған. Бүгін ұлттық валюта 1,13 теңгеге әлсіреп отыр.

Сондай-ақ мұнай бағасы да құлдырап жатыр. 22 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 8.35 жағдайында Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының тамыз фьючерстері барреліне 44,87 долларға тең болды, осылай 2,5 пайызға төмендеп отыр.

ДереккөзKurs.kz