Сирия мәселелерін реттеуде Астана процесінің рөлі қандай?

Сириядағы қақтығысты тоқтатуға арналған келіссөз осымен төртінші рет өтіп жатыр. Елордадағы ке­ліс­сөздердің нәтижесін бүкіл әлем­ күтіп отыр. Себебі, осы басқасудың нәтижесінде алты жылға созылып, Таяу Шығыстағы ең ірі шиеленіске ай­налған Сириядағы қантөгіс өз ше­ші­мін табуы мүмкін.

Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры Жанболат Үсеновтың айтуынша, бұл оңай мәселе емес.

«Қазақстандағы келіссөздерге Таяу Шығыс­та мүдделері бар Түркия, Ресей мен Иран тұрақты түрде қа­тысып отыр. Парсы шы­ға­на­ғын­дағы елдердің өкілі ре­тін­де Иордания қа­тысты, Америка Құрама Штаттары да осы жолы өз өкілін жіберіп, Астана процесінің деңгейін жо­ғарылатып отыр. Келіс­сөз­дердің осы кезеңі біт­кен­нен кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Сириядағы жағдайды телефон арқылы талқыға салуды жоспарлап отыр»,- дейді Жанболат Үсенов.

Айта кетейік, Астанаға Сирия үкіменті мен қарулы оппози­ция­сының өкілдері де қатысып отыр. Олар осыған дейін бір-бірі­не оқ атып келген еді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев та Атана келіссөздерінің маңыздылығын атап өтті.

«Астана форматындағы келіссөздердің не­гі­зі атысты тоқтату режіміне бағытталған, яғни бұл нақты алға қойылып отырған міндет. Сондай-ақ, осы міндеттің техникалық жағына келсек, атысты тоқтату режіміне мониторинг жасау, гуманитарлық кө­мектің жеткізілуі сынды жұ­мыс­тар бар. Бұл мәселелер Женева форматындағы саяси келіссөздерге ықпалын тигізеді. Астана процесінің табыстары Женева келіссөздерінің табысты болуының алғышарты деп санау керек»,- дейді ол.

ДереккөзEgemen.kz