20 маусымға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с болады. Осы өңірде бүгін бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында желдің екпіні 25 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар облысында да бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

ДереккөзBaq.kz