17 маусым: Аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Маңғыстау, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Атырау, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Астанада 17 маусымда: көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жауын жауады, найзағай ойнайды. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда 17 маусымда: көшпелі бұлт шығып, жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

ДереккөзBaq.kz