Доллар едәуір қымбаттады

16 маусымда Астана уақытымен 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,97 доллар болды. Ал Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 318,92 теңгеге тең болды.

15 маусымның күндізгі сессиясында доллар құны 317,65 теңгеге тең еді. Осылайша, ұлттық валюта тағы 1,27 теңгеге әлсіреді.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны — 318,91 теңге. Сауданың жалпы көлемі 162 келісімде 62,05 миллион долларға жетті.

ДереккөзTengrinews.kz