Астанадағы төрт көше кеңейтіледі

Қаладағы Автомобиль жолдары басқармасының хабаралуынша, көшелерді кеңейтуге халық саны мен транспорттың көбеюі себеп болып отыр.

Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен халықаралық әуежайға дейінгі аралығындағы кеңейту жұмыстары басталып кетті.

Ал Ықылас Дүкенұлы көшесінің Шоқан Уәлиханов көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралығына жүргізілетін кеңейту жұмыстарының жобасы бекітілді. Онда Желтоқсан-Кенесары көшелерінің қиылысынан Желтоқсан-Московская қиылысына дейінгі жолды да кеңейту қарастырылған.

Одан бөлек Асан Қайғы көшесінің Тәшенов-Бөгенбай батыр көшелері аралығындағы бөлігін де кеңейту жоспарланған.

ДереккөзAatana.Media