Фируза Шәріпованың келесі қарсыласы Юлия Куценко болады

Отандасымыз келесі кездесуін екінші жеңіл салмақта WBC International белбеуі үшін өткізеді.

Жекпе-жек 6 шілде күні Магнитогорск қаласында өтеді. Шарипованың қарсыласы 28 жастағы ресейлік Юлия Куценко болмақ. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 8 кездесу өткізіп, 7 кездесуде жеңіске жетсе, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.

Еске салайық, Шәріпова тамыз айының 30 күні елордамыз Астанада қаласында WBC тұжырымының толыққанды чемпионы атағы үшін кездесу өткізуге ниетті.

Фируза Шәріпова 27 мамыр күні Мәскеуде өткен бокс кешінде ресейлік 30 жастағы Ольга Забавинамен жұдырықтасып, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегі болатын.

ДереккөзVesti.kz