Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова екі фильмге түседі

«Біз командамызбен 30 қарашада өтетін «Еуразия Барысы» турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Алматыға келгенбіз. Сонда маған менің мансап жолым туралы деректі фильм түсіруге ұсыныс жасады. Одан басқа, анасының өліміне кек алу үшін спортпен айналысқан қыздың рөлін ойнауды да ұсынды. Мен өзімді әртіс ретінде көргім келетіндіктен бұған келісімімді бердім. Қазір фильм жайлы сөйлесіп жатырмыз. Осы аптада барлығы нақты белгілі болады»,-деді Фируза.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингте үш кездесу өткізген. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйек күні Алматыда өтті. Онда ол серб қарсыласы Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді.

Дереккөзvesti.kz